Back

БҚО-да бюджеттен бөлінген 251 млн теңгені жымқыру дерегі анықталды.

CaspianLife. 15 қазан. Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Келтірілген шығын көлемі 251 млн теңгені құрайды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті өзіне бағынысты «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арқылы инвестициялық субсидия алу үшін уәкілетті органға құжаттар тапсырған.

Субсидия Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында сұралған. Алайда тергеу барысында аталған шығындардың іс жүзінде болмағаны анықталған. Оларды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыстар актілері ұсынылған.

Осы құжаттардың негізінде екі компанияның есепшотына жалпы сомасы 251 млн теңге болатын мемлекеттік субсидия аударылған. Кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігі тұрғын үй сатып алуға жұмсалған.

Сот шешімімен аталған тұрғын үйге тыйым салынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Дереккөз: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

The full article is being collected. Available text is shown for now.

Back
Share this story

Get the daily newsletter →

Ask globalread.info

AI news & website helper
What would you like to explore?

I can find stories, explain headlines, or help you use globalread.info.

AI can make mistakes. Check the linked sources. Questions are sent to OpenAI.