Back

Ақтөбе облысында тағы бір ауқымды құрылыс: 5000 көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды

Кешен қаланың қалыптасып келе жатқан «Алтын Орда» әлеуметтік-іскерлік орталығында салынып жатыр.

Жаңа арена ірі жарыстар, жаттығулар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол ашады. Құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Асхат Шахаров танысты.

Жоба аясында кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындарға арналған заманауи спорт кеңістігі құрылады. Кешен құрамына 5 мың көрерменге арналған орталық спорт аренасы, 50 метрлік жүзу бассейні, спорттық және көркем гимнастика, баскетбол мен волейбол залдары кіреді. Сондай-ақ жаттығу залы, йога және пилатеспен айналысуға арналған бөлмелер қарастырылған.

Ғимараттың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады. Кешен 6,1 гектар аумаққа орналасады. Мұнда түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге және бірнеше спорт түрі бойынша тұрақты жаттығу жүргізуге жағдай жасалады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту және дене шынықтыру мен спортпен айналысуға жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандардың құрылысы тұрғындарды белсенді өмір салтына тарту, кәсіби спортшыларды қолдау және түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, кешен сапалы салынып, белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі керек»,

– деді Асхат Шахаров.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау, топырақтың құнарлы қабатын алу және қазаншұңқыр қазу жұмыстары аяқталған. Қазір мамандар геодезиялық жұмыстар жүргізіп, іргетас тақтасын орнатуға қажетті арматураны дайындап жатыр.

The full article is being collected. Available text is shown for now.

Back
Share this story

Get the daily newsletter →

Ask globalread.info

AI news & website helper
What would you like to explore?

I can find stories, explain headlines, or help you use globalread.info.

AI can make mistakes. Check the linked sources. Questions are sent to OpenAI.